Түркияда садақ атудан әлем кубогі өтті

17 Маусым 2024, 11:53
205
Бөлісу:
Түркияда садақ атудан әлем кубогі өтті
Фото: olympic.kz

Түркияның Анталья қаласында өткен садақ атудан Олимпиадаға соңғы іріктеу сынында қазақстандық мерген қыздар жеңіліс тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Біздің екі спортшымыз жекелей сында 1/8 айналымға жетті. Алайда, жарысты әрі қарай жалғастыра алмады.

Алина Ілиясова словакиялық Дениса Баранковаға есе жіберсе (4:6), Елизавета Авдеева ирандық Мобинья Фалладан ұтылды (2:6).

Айта кетелік, садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасында өнер көрсетеді.

Өзгелердің жаңалығы