Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Түркияда қазақстандық мектеп директоры мұғалімді зорламақ болды

30 Мамыр 2025, 19:51
7680
Бөлісу:
 sabah.com.tr
PHOTO
Фото: sabah.com.tr

Түркияның Ыстанбұл қаласында халықаралық жекеменшік мектептің директоры болып жұмыс істеген 42 жастағы Қазақстан азаматы дене шынықтыру пәнінің мұғалімін зорламақ болды деп айыпталуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі SABAH агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияда қазақстандық мектеп директоры мұғалімді зорламақ болды

Оқиға қалай болды?

Түркиялық БАҚ-тың мәліметінше, 2024 жылғы 11 қарашада Ыстанбұлдың Сарыер ауданындағы халықаралық жекеменшік мектепте оқиға тіркелген. Айыпталушы – белгілі адамдар мен шетелдіктердің балалары оқитын мектептің директоры. Жәбір көрген – 39 жастағы әйел, сол мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

Әйелдің айтуынша, директор сол күні таңертең "құжаттарды қараймыз" деген сылтаумен кабинетке кіріп, алдымен қағаздарды қарап шыққан. Кейін оның қасына отырып, сөзбен тиісіп, жауап бермеген соң, әйелдің кеудесін қысқан.

Түркияда қазақстандық мектеп директоры мұғалімді зорламақ болды

Алдымен бір қолымен кеудемді басты, алыстай бергенімде қатты қысып жіберді. Сол кезде оны итеріп жібермек болып едім, кенет көзім қарауытып, есімнен танып қалдым, - деп жазды мұғалім прокуратураға арызында.

Сараптама не дейді?

Оқиғадан кейін әйел ауруханаға жеткізілген. Сот-медициналық сараптама оның кеуде тұсы қызарып кеткенін, денесінде физикалық күш қолдану белгілері барын анықтаған. Барлық дәлелдер – куәгерлердің жауаптары және сараптама қорытындылары прокуратураға тапсырылды.

Директор не дейді?

Күдікті директор кінәсін мойындаған жоқ. Ол құқық қорғау органдарына берген жауабында "әйелге қолымның ұшы да тиген жоқ" деп жауап берген. Тергеу кезінде аудармашының көмегі пайдаланылды.

Түркияда қазақстандық мектеп директоры мұғалімді зорламақ болды

Жақын арада бұл іс Ыстанбұл қылмыстық сотында қаралады.

Өзгелердің жаңалығы