Түркияның Анкара қаласында қазақтың дәстүрлі қолөнерінің көрмесі ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Түркияның Анкара қаласында «Көк ту» Қазақ мәдениеті қоғамы мен түркі халықтарының мәдениетін дәріптейтін ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымның ұйымдастыруымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінің қолдауымен «Бабалар мұрасы» атты шығармашылық көрме ашылды.
Көрме Аднан Өтүкен атындағы қалалық кітапханада өтті. Онда Қазақстанның көркем еңбек пәні ұстаздары мен кәсіби суретшілері Кодеков Қанағат, Құлжабаев Есенкелді, Бостан Айбек, Естеусіз Тоғжан, Ақылбай Айгерім мен Қалиева Томиристің еңбектері таныстырылды.
Қазақ майталмандарының туындыларын Түркиядағы қандастар, қазақстандық студенттер, түрік зиялы қауым өкілдері мен Анкара тұрғындары тамашалады.