Түркияда ірі орман өртін үш ұшақ пен төрт тікұшақ сөндіріп жатыр

30 Маусым 2024, 01:30
316
Бөлісу:
Түркияда ірі орман өртін үш ұшақ пен төрт тікұшақ сөндіріп жатыр
Фото: TRT Haber

Түркияның батысындағы Измир провинциясы Мендерес уезінде орман өртеніп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елдің қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі әйгілі Селжүк-Кушадасы тасжолындағы автокөлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді.

Түркияның әскери күштеріне тиесілі үш Cougar ұшағы мен төрт CH-47 тікұшағы Измирдегі өртті сөндіру жұмыстарын қолдау үшін бөлінді, - делінген министрліктің хабарламасында.

Өрт сағат 15:00 (Астана уақытымен) шамасында Мендерес уезіндегі Караджадаг орман аймағында басталғаны белгілі болды. Измирдің орман шаруашылығы өңірлік басқармасы өрттің таралуын бақылауда ұстау үшін бар күшті жұмылдыруда.

Табиғи апатты сөндіруге төрт ұшақ, сегіз тікұшақ, су құйылған 25 автоцистерна, бульдощер мен ондаған өрт сөндіру көліктері тартылды.

Өрт аймағында орналасқан бірнеше ондаған тұрғын үйдің тұрғындары эвакуацияланғаны айтылуда.

Өзгелердің жаңалығы