Түркия президенті Владимир Зеленскиймен келіссөздер өткізеді

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бүгін, 19 қарашада Украина президенті Владимир Зеленскиймен келіссөздер өткізеді. Бұл туралы TRT арнасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Cagla Gurdogan / Reuters 19 Қараша 2025 2025, 00:30
19 Қараша 2025 2025, 00:30
759
Фото: Cagla Gurdogan / Reuters

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бүгін, 19 қарашада Украина президенті Владимир Зеленскиймен келіссөздер өткізеді. Бұл туралы TRT арнасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында тараптар екіжақты мәселелермен қатар Украинадағы қақтығыстың қазіргі жай-күйі мен оны реттеу жолдарын талқылайды. Арнайы назар атысты тоқтату режимін қамтамасыз ету, Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерді, соның ішінде Стамбул алаңындағы байланыстарды қайта жандандыру және ықтимал реттеу саммитін өткізуге аударылады.

Бұған дейін Түркия президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар басқармасының басшысы Бурханеттин Дуран Зеленскийдің сапарын растаған болатын.

Наверх