Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, музыкант әрі профессор Дүйсен Қасейінов Әлішер Науаи атындағы «Түркі әлемінің бірлігіне қосқан үлесі үшін» халықаралық сыйлығына ие болды.
Марапаттау рәсімі 29 қазанда Анкарада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммиті аясында ұйымдастырылды. Жоғары марапатты Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған табыстады. Сыйлық беру туралы шешім ТМҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында қабылданған.
Бұл марапат Дүйсен Қасейіновтің түркі халықтары арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан үлегі үшін берілді. Ол 2008-2022 жылдары Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы – ТҮРКСОЙ-ды басқарды. Осы кезеңде түркі халықтарының мәдени мұрасын насихаттау, шығармашылық жобаларды қолдау және Қазақстан мәдениетін халықаралық деңгейде таныту бағытында жұмыс істеді.
Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі Дүйсен Қасейіновтің кандидатурасын аталған сыйлыққа ұсынған.
Әлішер Науаи атындағы халықаралық сыйлық 2021 жылы Өзбекстан Президентінің бастамасымен тағайындалған. 2022 жылы алғашқы марапат қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовқа өмірден өткеннен кейін берілсе, 2025 жылы оның иегері түрік ғалымы, Нобель сыйлығының лауреаты Әзиз Санжар болды.