Түркия мен Сирияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 21 мыңнан асты, деп хабарлайды BAQ.KZ TRT телеарнасына сілтеме жасай отырып.
Түркия вице-президенті Фуат Октайдың айтуынша, қаза тапқандар саны 17 674-ке дейін өсті, ал президент Режеп Тайып Ердоған "ғасыр апаты" деп атаған табиғи апат салдарынан жараланғандар саны 72 879-ға жетті.
Көршілес Сирияда кем дегенде 3377 адам қаза тауып, құрбан болғандардың жалпы саны 21 051-ге жетті.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды, сонымен қатар Қазақстан Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жібереді.
Сондай-ақ 7 ақпан күні Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Алматыдан жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға аттанған болатын. 8 ақпан күні Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияға барады. Тиісті тапсырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді.
Түркиядағы жер сілкінісі кезінде 2 қазақстандық қаза тапты.