Түркия Дін істері басқармасының өкілі исламофобия проблемасы туралы айтты

6 Қазан 2021, 12:17
3664
Бөлісу:
Түркия Дін істері басқармасының өкілі исламофобия проблемасы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі XIX Хатшылығының отырысында Түркия Дін істері басқармасының төрағасы Әли Эрбаш ислам дініне қатысты қоғамдағы мәселелерге қатысты пікір білдірді.

Съезде қатысушыларды, діни ұйымдардың өкідерін көргеніме қуаныштымын. 2003 жылдан бастап Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі өткізіліп келеді. Осы ретте Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысымды білдіргім келеді. Оның үздіксіз еңбегі осындай іс-шараларды өткізуге зор үлес қосты. Әрбір дін өкілдері арасындағы ынтымақтастықты дамытуға үлес қосуда. Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері арасындағы осындай ынтымақтастық фанатизмге, радикализмге, исламофобияға төтеп беру үшін маңызды, - деп атап өтті шетелдік сарапшы.

Ол атап өткендей, Қазақстан 132 этникалық топ тұратын мемлекет және мұнда әр түрлі діни наным-сенімдері бар адамдар тұрады. Сол себепті мұндай Съезд өткізудің маңызы зор. Сарапшының сөзінше, Қазақстан әлемге білімді, даналықты, сүйіспеншілікті паш етіп жатыр.

Қазіргі кезеңде адамзат күрделі жағдайдан өтуде. Әсіресе, пандемия бүкіл әлемге салдарын тигізді. Ол адами құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын көрсетіп жатыр. Сол себепті адамзат бейбітшілікке, келісімге зәру. Ислам – бұл әділдіктің, мейірімділіктің діні және барлық адам Алланың алдында тең. Қасиетті Құран кәрімде әділ, мейірімді болу мәселелері айтылған. Бұл әлемде бейбітшілікті сақтауға мүмкіндік береді. Ислам адамзатты бейбіт болуға, бір-бірімен жауласпауға шақырады, - деп айтты Әли Эрбаш.

Түркия Дін істері басқармасының төрағасы қазіргі кезде Исламды сынау, қаралау, яғни «исламофобия» термині барын айтты.

Исламофобия – жасанды, жалған сөз. Өйткені бірде-бір жағымсыз сөз Ислам дінінің жанында тұра алмайды. Ислам тек қана бейбітшілік пен келісімге үндейді. Өкінішке қарай, бүгінгі күні қоғамда нәсілшілдікті, кемсітушілікті байқаймыз. Оның салдары мұсылмандарға қарсылықтың көбейгенін көрсетеді. Сенім мен ынтымақтастық бұзатын, терроризмге шақыратындар Исламға сүйене алмайды. Өйткені ислам діні мейірімділіктің, әділдіктің діні. Ислам жөніндегі түсінік ашық болуы керек, - деп толықтырды Әли Эрбаш.

Еске сала кетейік, елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі XIX Хатшылығының отырысы өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы