Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия тарапы Нұр-Сұлтанға, Алматыға әуе қатынасын кеңейтуді қолдайды және Ақтау мен Қостанайға тұрақты рейстер ашуды жоспарлап отыр.
Мемлекет Басшысының тапсырмасымен енгізілген "ашық аспан" режимі аясында Түркия әуе компанияларына Қазақстанның 11 әуежайына (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей) 5-ші “әуе еркіндігін” пайдалану мүмкіндігімен рейстер санына шектеулерді алып тастауды көздейтін тұрақты ұшуларды орындауға мүмкіндік берілді.
Түркия тарапы Нұр-Сұлтанға, Алматыға әуе қатынасын кеңейтуді қолдайды және Ақтау мен Қостанайға тұрақты рейстер ашуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар салынып жатқан әуежай пайдалануға берілгеннен кейін Стамбул-Түркістан бағыты бойынша рейстерді ашуға алғашқы шетелдік әуе компаниялардың бірі болып қызығушылығын растады - делінген ИИДМ таратқан ақпаратта.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әуе қатынасы саласында өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға шешім қабылдады.