Түркістандықтардың өмір сүру жасы 3,5 жылға ұзарған

16 Қыркүйек 2024, 14:16
381
Бөлісу:
Түркістандықтардың өмір сүру жасы 3,5 жылға ұзарған
VIDEO
Фото: автордан

Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" заң жобасын дайындағанда талдау жүргіздік. 2018 жылы Түркістан облыс орталығы болды. Осы уақыттан бастап халықтың әл-ауқаты қалай өзгерді? Біріншіден, халықтың өмір сүру ұзақтығы 70-тен 73,5 жасқа дейін, яғни 3,5 жылға ұзарды. Мұны өте жақсы көрсеткіш деп айтуға болады, – деді ол.

Сондай-ақ вице-министр кәсіпкерліктің де үлесі айтарлықтай ұлғайғанын айтты.

2018 жылы өңірде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 10 мың болса, қазір олардың саны 2 есе өсіп, 22 мыңға жеткен. Ол бюджетке де өз әсерін тигізеді. 2018 жылы қаланың өзіндік табысы 3,1 млрд теңге болса, бүгінде көрсеткіш 10 есе өсіп, 32 млрд теңге болды, - деді Омарбеков.

Видео: автордан
Өзгелердің жаңалығы