Түркістан қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде күн электр станциясы іске қосылды. Станцияның жалпы ұзындығы 75 метр, биіктігі 5 метрге жетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
240 фотоэлектрлік панель жыл сайынғы энергия тұтынуды 30%-ке дейін азайтуға мүмкіндік береді. Артық электр энергиясы қалалық желіге экспортталады.
2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің қолдауымен Назарбаев зияткерлік мектебі «Шелл» компаниясымен бірлесіп «Мектептерге күн энергиясы»жобасын жүзеге асырады, - деп хабарлады мектептің баспасөз қызметі.
Ведомстводағылар бұл жоба елдегі бес мектепте шағын көлемді бөлінген жасыл энергия жүйелерін дамытуға бағытталғанын, сонымен қатар мектеп оқушыларының жаратылыстану ғылымдарын оқуға деген қызығушылығын арттыруды көздейтінін мәлімдеді.