Түркістанда жоғалып кеткен балықшылар табылды

ТЖМ құтқарушылары жоғалған балықшыларды тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

 видеодан кадр 25 Қараша 2024 2024, 02:31
25 Қараша 2024 2024, 02:31
786
Фото: видеодан кадр

ТЖМ құтқарушылары жоғалған балықшыларды тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Түркістан облысы Шардара су қоймасында 1944 және 1953 жылы туған екі адам үрлемелі қайықпен түнгі балық аулау кезінде бағдарын жоғалтып, адасып кеткен.

Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында балықшылар жағаға жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады, - деп атап өтті ведомстводан.

ТЖМ барлық азаматтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Наверх