Түркістан облысының өрт сөндірушілері өртті жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Сайрам ауданы Ақсуабат аулылының жеке тұрғын үйлерінің бірінде 240 шаршы метр аланда шатырдың жануы орын алған.
ТЖМ күштерімен өрт 240 шаршы метр алаңда жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда, - делінген ведомство хабарламасында.
Төтенше жағдай орын алған жағдайда 101 немесе 112 нөмеріне хабарласыңыз!