Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Түркістанда жасөспірімді көлік қағып кетті

15 Қыркүйек 2025, 11:13
472
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
VIDEO
Фото: Артём Чурсинов - архив

Түркістан қаласында жеңіл автокөлік жасөспірімді қағып кетті. Бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Түркістан қаласындағы С.Қожанов көшесінде "Mercedes Benz" маркалы автокөлік жүргізушісі жолға жүгіріп шыққан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен бала ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, – делінген ПД хабарламасында.

Полиция қызметкерлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жолда мұқият болуға және жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы