Түркістанда жалған медициналық құжат жасап келген 3 медбике құрықталды

26 Шілде 2021, 20:34
2812
Бөлісу:
Түркістанда жалған медициналық құжат жасап келген 3 медбике құрықталды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында медициналық құжаттарды қолдан жасаған үш тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

ІІМ коронавирустық инфекциямен байланысты құжаттарды қолдан жасау және пайдалану фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша ауқымды жұмысты жалғастыруда. 

ІІМ Тергеу департаментінің әскери-тергеу басқармасы медициналық құжаттарды қолдан жасаумен және сатумен айналысқан Түркістан облысының үш тұрғыны қызметінің жолын кесті. Тергеушілер Сарыағаш аудандық ауруханасы медбикесінің заңсыз әрекетін анықтады. Ол коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеуге байланысты санитариялық-эпидемиологиялық режимді күшейту жөніндегі шараларды бұза отырып, Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік шекарасынан өтуге негіз болып табылатын медициналық құжаттарды қолдан жасап, сатқан. 


Анықталғандай, ұсталғандар Қазақстан Республикасының медициналық мекемелерінің шақыру-анықтамаларын қолдан жасап, оларды 3 000 теңгеден 8 000 теңгеге дейін сатқан. Бұл жалған құжат медициналық мекеменің шақыруымен тиісті қызметтерді алу үшін, сондай-ақ шетелге шығу үшін мемлекеттік шекарадан өтуге мүмкіндік береді. Күдіктінің тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тінту жүргізу барысында сатуға дайындалған алдын ала қойылған мөрлері бар 1 266 медициналық бланк тәркіленді, - делінген хабарламада.

Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ІІМ жалған құжат жасағаны үшін төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу көзделгенін еске салады.


Өзгелердің жаңалығы