Түркістанда үш ірі спорт объектісі салынады – Райымқұлова

1 Маусым 2021, 10:06
8422
Бөлісу:
Түркістанда үш ірі спорт объектісі салынады – Райымқұлова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің отырысында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Түркістан облысында қандай жобалар жүзеге асырылатыны туралы айтып берді.

Министрдің айтуынша, Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасында Мәдениет және спорт министрлігінің құзыреті шегінде 27 іс-шара көзделген.

Бүгінгі күні ведомстволық статистикалық мәліметке сәйкес Түркістан облысында 4 529 спорт объектісі бар. Облыс халқының 32,1%-ы дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Жоспар шеңберінде спорт саласындағы 13 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Олардың ішінде республикалық және жергілікті бюджет есебінен 3 ірі спорт объектісін салу қарастырылған, - деді Райымқұлова.

Жеке инвестицияларды тарту арқылы 2 жоба және жергілікті бюджет есебінен 8 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылады.

Бұл жобалардың басым бөлігі бұқаралық спортты дамытуға бағытталған. 2025 жылы дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтардың үлесі 45%-ға дейін көбейеді деп күтіліп отыр.

Қазіргі таңда Түркістан туристер саны 1,2 млн адамды құрайды. Өңірлердің туристік ағынын ұлғайту мақсатында Түркістан және Төлеби ауданында «Қасқасу» туристік рекреациялық орталықтарының инфрақұрылымын дамыту жоспарланып отыр, - деп министр жоспарларымен бөлісті.

Сонымен қатар «Ұлы Жібек жолында» жаңа туристік нысандар қалыптастырылады.

Кешенді жоспар аясында 11 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Оның 9-ы жеке инвестициялар есебінен.

Өзгелердің жаңалығы