Түркістанда туристік маусым санитарлық талапқа негізделеді

24 Мамыр 2021, 08:48
1794
Бөлісу:
Түркістанда туристік маусым санитарлық талапқа негізделеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл жыл басынан бері Түркістанға 200 мыңнан аса турист келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал жазғы туристік маусым ашылғанда саяхатшы қатары тіпті көбеймек. Мамандардың айтуынша, «Керуен сарай» туристік кешені ашылған соңғы 1 айдың өзінде Орта Азиядағы баламасы жоқ ерекше қалашықты көруге келгендердің санында есеп жоқ.

Жалпы Түркістан облысында келушілерге қызмет көрсететін 2 мыңдай туристік нысан бар. Жауаптылар өңірде қауіпсіздік шараларын күшейтуді қазірден бастап қолға алуда. Санитарлық талаптарды сақтау туристік нысандарға ғана емес, саяхатшыларға да міндеттеледі. Сондықтан ұшақпен келетін туристердің ПТР-тесті немесе коронавирусқа қарсы екпе салдырғанын анықтайтын құжаты болуы шарт. Онсыз демалыс аймағына да, тарихи-мәдени орындарға да жіберілмейді. Көрші елдерден жеңіл көлікпен келетін туристерге де осы талап қойылады. Егер анықтамасы болмаған жағдайда, сынаманың нәтижесі шыққанға дейін 2 күн карантинге жатқызылады.

Қазір бізде бүкіл Қазақстан бойынша жүйеге енгізіліп жатыр ғой, біздің облыста да 90-нан астам нысан «Ашық» бағдарламасына кірді. Туристік аймақтарда температураны өлшеу, маска тағу секілді санитарлық шаралар қолданылуы керек. Ұжымдық иммунитет қалыптаспайынша осы шараларды сақтауымыз керек, – дейді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бақытораз Елемесов.

Өзгелердің жаңалығы