Түркістанда туристер баратын жаңа нысан іске қосылады

19 Ақпан 2021, 16:26
2593
Бөлісу:
Түркістанда туристер баратын жаңа нысан іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы халық алдында онлайн режимде есеп берді. Кездесу кезінде облыс әкімі наурыз айында Түркістанда бірегей туристік нысанның іске қосылатынын айтты.

Түркістанда наурыз айында «Керуен сарай» туристік кешені іске қосылады. Бұл шығыс үлгісінде салынған заманауи архитектураға көрік беретін туристік жобаның бірі болды. Бұл кешенде қолөнершілері бар жабық базарлар, шығыс базары, сауда орталықтары, гандола қайықтарымен жүзуге арналған су арналары, ойын-сауық орталығы, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі қонақ үйлер жұмыс істейтін болады, - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ бір шақырым ұзындықты құрайтын бұл нысанда үздіксіз, күнделікті режимде шоу көрсетілетін болады. 

Бұл туристерді тартатын бірегей, керемет нысан болайын деп тұр, - дейді Шөкеев.

Әкім атап өткендей, бұл - жекеменшік инвестициялар есебінен салынып жатқан көпфункционалды жоба. 

Кешеннің өзінде түркістандықтар үшін кемінде 600 жаңа жұмыс орны, одан бөлек саудамен айналысатын және басқа да қызмет көрсететін мыңдаған жұмыс орны ашылады, - деді ол онлайн кездесуде.

Еске сала кетейік, 2019 жылы Үкімет басшысы «Sembol construction» түрік компаниясы салған «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешен құрылысын іске қосқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы