Түркістанда суға кеткен 8 жастағы бала төрт күннен бері іздестірілуде

Бала ойнап жүріп Келес өзеніне құлап, суға батып кеткен.

 istockphoto.com Бүгiн 2026, 00:37
Бүгiн 2026, 00:37
178
Фото: istockphoto.com

Түркістан облысының Келес ауданында суға кеткен 8 жастағы баланы іздеу жұмыстары төртінші күн қатарынан жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құтқарушылардың мәліметінше, оқиға 23 наурыз күні шамамен сағат 17:00-де болған. Бала ойнап жүріп Келес өзеніне құлап, суға батып кеткен.

Іздеу жұмыстарына төтенше жағдайлар департаменті, полиция, жергілікті атқарушы органдар, туыстары мен тұрғындардан барлығы 120-дан астам адам жұмылдырылған. Сондай-ақ 15 техника, 12 жүзу құралы және 2 дрон қолданылуда.

Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар тұрғындарға су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтап, балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Наверх