Тиісті жас санаттарындағы жеңімпаздар биыл Бразилияда өтетін балалар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанның намысын қорғайды, ал вице-чемпиондар Азия чемпионатына жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сондай-ақ, классикалық шахматтан 14, 16 және 18 жасқа дейінгі жас санаттарында 3-5 орын алғандар оқушылар арасындағы әлем чемпионатына, Батыс Азия чемпионатына және оқушылар арасындағы Азия чемпионатына ресми ойыншылар ретінде қатысуға құқылы.
Турнир ҚР Туризм және спорт министрлігінің, Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өтті. Турнирдің жалпы жүлде қоры 5 580 000 теңге болды.
Аталмыш біріншілік федерацияның талантты және перспективалы шахматшыларын тауып, іріктеді. Аға-әпкелерімен сәтті бәсекелес болған жас шахматшылардың жарқын ойынын атап өткім келеді. Жансая Шолпанбек, Данис Қуандықұлы және басқа шахматшылар жас айырмашылығына қарамастан үлкендерге дес бермей, тамаша нәтижелер көрсетті, - деді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова.
Классикалық шахмат нәтижелері:
14 жасқа дейінгі қыздар:
1. Әсия Асылхан (Түркістан)
2. Диана Тыныштық (Астана)
3. Мария Холявко (Алматы)
16 жасқа дейінгі қыздар:
1. Зарина Нұрғалиева (Атырау облысы)
2. Дениза Құрманалина (Алматы)
3. Жансая Шолпанбек (Алматы обл.)
18 жасқа дейінгі қыздар:
1. Айару Алтынбек (Астана)
2. Жанбота Камарова (Ақмола обл.)
3. Кристина Попандопуло (Қарағанды обл.)
14 жасқа дейінгі ұлдар:
1. Ақылжан Мейірханұлы (Қызылорда облысы)
2. Әлихан Қажатұлы (Жетісу обл.)
3. Назар Талғатов (Алматы)
16 жасқа дейінгі ұлдар:
1. Алан Петухов (Ақтөбе обл.)
2. Даниял Сапенов (Қарағанды облысы)
3. Иманғали Ахилбай (Алматы обл.)
Бұл турнир тартысты өтіп, алты шахматшы бірдей нәтижемен мәреге жетті. Қосымша көрсеткіштер жүйесіне жүгінуге тура келді, соның арқасында алғашқы үш жүлдегер анықталды.
18 жасқа дейінгі ұлдар:
1. Нұрлыхан Құдайберген (Астана)
2. Тимур Кенбеилов (Астана)
3. Ораш Шоназаров (Алматы)