Түркістанда «Рухани қазына – 2022» республикалық фестивалі өтті

22 Мамыр 2022, 12:09
1920
Бөлісу:
Түркістанда «Рухани қазына – 2022» республикалық фестивалі өтті

Алматы, BAQ.KZ. 21 мамырда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласында өтіп жатқан өңірлік мәдениет және өнер саласындағы ұйымдар мен қызметкерлердің «Рухани қазына – 2022» республикалық фестивалі өз мәресіне жетті.

Байқаудың кітапхана саласындағы 14 номинациясы бойынша өңірлерден байқауға қатысқан үміткер ұйымдар мен қызметкерлер арасынан үздіктер іріктеліп, алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды:
1. «Облыстық маңызы бар кітапхана» номинациясы бойынша – С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы, 1000 000 (бір миллион) теңге;

2. «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана» номинациясы бойынша – Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық ОКЖ, 1000 000 (бір миллион) теңге;

3. «Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана» номинациясы бойынша – Қызылорда облысы Жалағаш ауданының Аққұм ауылдық кітапханасы, 1000 000 (бір миллион) теңге;

4. «Үздік балалар, жасөспірімдер немесе балалар және жасөспірімдер кітапханасы» бойынша – Алматы қаласының Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы, 1000 000 (бір миллион) теңге;

5. «Үздік айрықша қажеттілігі бар азаматтарға арналған кітапхана» номинациясы бойынша – Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана, 1000 000 (бір миллион) теңге;

6. «Балаларға арналған үздік кітапханалық жоба - 2022» номинациясы бойынша - С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы, 500 000 (без жүз мың) теңге;

7. «Үздік облыстық маңызы бар кітапхана қызметкері» номинациясы бойынша - Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасынан Дүйсебаева Дариха Төребайқызы, 500 000 (без жүз мың) теңге;

8. «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана қызметкері» номинациясы бойынша - Алматы облысы Іле ауданының балалар кітапханасынан Санкеш Э.Е., 500 000 (бес жүз мың) теңге;

9.«Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана қызметкері» номинациясы бойынша - Түркістан облысы Түлкібас аудандық ОКЖ Шақпақ баба ауылдық кітапханасынан Игенбаев Р.А. 500 000 (бес жүз мың) теңге;

10. «Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар балалар, жасөспірімдер немесе балалар және жасөспірімдер кітапханасы қызметкері» номинациясы бойынша – Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасынан Елекеева Қ.Н. 500 000 (бес жүз мың) теңге;

11.«Үздік айрықша қажеттілігі бар азаматтарға арналған кітапхана қызметкері» номинациясы бойынша - Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханадан Қалиола Т.С. 500 000 (бес жүз мың) теңге;

12. «Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толуына орай» номинациясы бойынша - А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы, 500 000 (бес жүз мың) теңге;

13. «Балалар аудиториясына арналған үздік кітапханалық жоба» номинациясы бойынша - Атырау облысы Қызылқоға аудандық балалар кітапханасы, 300 000 (үш жүз мың) теңге;

14. «Дипломмен ауылға» арнайы бағдарламасы бойынша үздік жас маман» номинациясы бойынша - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық М.Әуезов атындағы ОКЖ Аймұханова А.Т., 300 000 (үш жүз мың) теңге иеленді.

Фестивальдің жабылу салтанаты Гала-концертке ұласты.
 

Өзгелердің жаңалығы