Түркістанда қауіпсіздікті сақтау мақсатында 1500 бейнебақылау камерасы орнатылады

31 Қаңтар 2022, 20:04
1413
Бөлісу:
Түркістанда қауіпсіздікті сақтау мақсатында 1500 бейнебақылау камерасы орнатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қауіпсіз қала» жобасын жүзеге асыру мақсатында биыл Түркістан қаласындағы қоғамдық орындар мен көпқабатты үйлердің аулаларына 1500 бейнебақылау камерасы орнатылмақ. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл – тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыс пен бұзақылықтың алдын алу үшін қолға алынған шара.

Қалада қазір таңда 1036 бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның ішінде жылдамдықты өлшейтін «Сергек» камерасы – 40. Қосымша 26 көше қиылыстарына «Сергек» камералары орнатылуда. Кешенді іс-шаралардың нәтижесінде қылмыс былтыр 5 пайызға төмендеген.

Қала қауіпсіздігінде түнгі жарықтандыру да маңызды. 2021-2022 жылдар аралығында қаламызда 267 шақырымды құрайтын 201 көшені жарықтандыру жоспарланып, қазіргі таңда 147,8 шақырымды құрайтын 155 көшесіне жарықтандыру жүйесі жүргізілді. Қалған 46 көшенің жарық жүйесі биыл тартылып, тұрғындарды қуанышқа бөлемек.

Өзгелердің жаңалығы