Түркістанда провизорлық және инфекциялық орындар саны екі есеге азайған

7 Тамыз 2020, 10:45
1305
Бөлісу:
Түркістанда провизорлық және инфекциялық орындар саны екі есеге азайған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында індетке қарсы күрес жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.

Өңір бойынша инфекциялық төсек орындар саны 440 болса, бүгінде оның саны 225-ке қысқарған. 1941 провизорлық төсек орынның 931-і қысқарып, 1010 төсек қалып отыр. Бұл Түркістан облысында ауыр індеттен жазылып шыққан науқастардың азайғанын көрсетеді. Облыс бойынша 2020 жылдың 30 наурызынан бастап 6 тамыз аралығында COVID-19 расталған науқастар 2902-ні құрайды. Өңір басшысының дер кездегі шешімі мен дәрігерлердің ерен еңбектерінің арқасында науқастардың 81,2 пайызы жазылып шыққан. Яғни, 2355 науқас бүгінде дертінен толық айығып отыр, - делінген Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, ауруханадан үйіне шығарылған науқастардың ішінде сиптомпсыз жағдайдағы 1563 адам толық сауыққан.


Өзгелердің жаңалығы