Түркістанда өзге елдің 27 азаматы ел аумағынан шығарылды

17 Ақпан 2021, 22:20
1217
Бөлісу:
Түркістанда өзге елдің 27 азаматы ел аумағынан шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының полицейлері «Мигрант» іс-шарасының екі тәулігінде 250-ге жуық құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында ақпан айының 15-сі мен 19-ы күндері аралығында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Негізгі мақсат – Қазақстан Республикасына келу, болу және Қазақстан Республикасынан кету Ережелерінің сақталуын қадағалау, Түркістан облысы аумағында болу мерзімі өтіп кеткен шетелдіктердің құқықтық мәртебесін реттеу, визалар, жұмысқа рұқсат беру, сондай-ақ әкімшілік заңнаманы бұзушыларды анықтау болып табылады.

Аталған іс-шараның екі тәулігінде облыс аумағында барлығы – 242 шетелдік пен ҚР-сы азаматтары анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде: 141-і шетелдік, 87-сі ҚР азаматтары. Аталған құқық бұзушылардың 45-іне әкімшілік айыппұлдар салынып, 87-сіне ескерту берілген. Өзге елдің 27 азаматы сот шешімімен ел аумағынан шығарылды.

Шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен – 87 адам, сондай-ақ шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған – 14 Қазақстан Республикасының азаматтары анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 518 және 519-баптарының талаптарын бұзғандары үшін әкімшілік жауапкершілік қаралды.

Сонымен бірге «Мигрант» профилактикалық іс-шарасы барысында заңсыз көші-қонды ұйымдастырудың екі дәйегі анықталып (ҚР ҚК-нің 394-бабы), қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетсек, «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы ақпан айының 19-ына дейін жалғасын табады.


Өзгелердің жаңалығы