Түркістанда отбасылық зорлық-зомбылық азайған

11 Мамыр 2021, 14:30
3557
Бөлісу:
Түркістанда отбасылық зорлық-зомбылық азайған

Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ десек те, жыл сайын құқық қорғау органдарына араша сұрап келетіндердің қатары азаймай тұр. Дегенмен, 2021 жылдың 3 айында тұрмыста жасалған құқық бұзушылықтар бойынша азаматтардан келіп түскен арыз-шағымдар 76 пайызға төмендеген. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция подполковнигі Жанар Қалабаева мәлімдеді.

Облыс көлемінде жыл басынан бері отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған қылмыс саны азайған. Үш айдың ішінде небары 3 қылмыс саны тіркеліп, 62,5% төмендеген. Былтыр осы аралықтағы уақытпен салыстырғанда үш айда 8 қылмыс тіркелген. Ал тұрмыста жасалған құқық бұзушылықтар саны бойынша арыз-шағымдар 434-тен 104-ке төмендеген. ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабы бойынша отбасындағы қарым-қатынас барысындағы құқыққа қарсы әрекеттер – 65,5 пайыз яғни 139-дан 48-ге, аталған заңның 73-1 бабы бойынша денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру – 70,2 пайыз, 168-ден 50-ге, 73-2 бап бойынша ұрып-соғу – 95,3 пайыз, 127-ден 6-ға азайған.

Отбасында зорлық-зомбылық көрсететін фактілердің тыйылмай тұрғаны өкінішті. Осы орайда біз тұрмыста құқық бұзған тұлғалармен профилактикалық әңгімелер жүргіздік. Олардың саны 1424-тен 1427-ге өскен. Облыс бойынша осы 1427 тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адам ішкі істер органдарына жеткізілді. Барлығы 1427 қорғау нұсқамасы шығарылды. Өткен жылы бұл уақыттағы көрсеткіш 1424 болатын. Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін облыс көлемінде ҚР ӘҚБтК-нің 461 бабымен – 10 (2020 жылы – 26) тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді полиция подполковнигі Жанар Қалабаева.
Түркістанда отбасылық зорлық-зомбылық азайған

Бұдан бөлек, құқық бұзушылық әрекеттерімен көзге түскен және әкімшілік материалдарды сотқа жолдау кезінде Ішкі істер органының өтінішіне сәйкес 208, өткен жылы 196, 73 бап бойынша – 48, 2020 жылы – 39, ҚР ӘҚБтК-нің 73-1 бабы бойынша – 50, ал 73-2 бабы бойынша – 6 тұлғаның мінез-құлқына сот арқылы ерекше талаптар белгіленді.

Айта кетейік, Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полция қызмет басқармасы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» және «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» қабылданған заңдардың талаптарын орындау мақсатында ҚАПБ қызметкерлерімен бірлесіп отбасы-тұрмыстық салада құқық бұзушылыққа жол беретін адамдарға қатысты қорғау нұсқамасын шығару, сондай-ақ, құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін сотқа құжаттарды жолдау бағытында жұмыстарды қолға алып, осы жұмыстар төңірегінде нақты ұйымдастырушылық шараларын қабылдады.

 


Өзгелердің жаңалығы