Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Машина жасау саласына инвестиция тарту мақсатында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев бастаған арнайы жұмыс тобы Ресей Федерациясының Челябі облысына жұмыс сапарымен барып, «УРАЛ» автомобиль зауытының өндірістік нысандарымен танысты, деп хабарлайды Оtyrar.kz.
«Урал» автомобиль зауыты мен «Урал» АЗ сауда үйінің басшылығымен кездесу барысында Түркістан облысында «Урал» брендімен жүк автомобильдері мен арнайы техниканы құрастыруды ұйымдастыру мүмкіндігі талқыланды.Көп жылғы тәжірибені, сондай-ақ автомобиль зауытының айрықша имиджін ескере отырып, біз оларды өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерімен танысу үшін Түркістан қаласына шақырдық. «Урал» компаниясының өкілдері жоғары қызығушылық таныта отырып, ағымдағы жыл ақпан айының екінші жартысында біздің өңірге жұмыс сапарымен келуге шешім қабылдады. Сонымен қатар, біз Челябі облысы губернаторының орынбасары Ковальчук Егор Викторовичпен кездесу өткіздік. Үкімет мүшелерінің қатысуымен өткен жиын кезінде біз өңірлеріміз арасында сауда-экономикалық қатынастар орнату мәселелерін ортаға салдық, – дейді облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев.Ресей-Қазақстан қатынастары көптеген салаларда қарқынды дамуда. Бұл сапар Түркістан өңірінде машина жасау саласының дамуына жаңа серпін берді. Негізгі мақсат екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға және Челябі облысымен тығыз сауда-экономикалық қарым-қатынас орнатуға бағытталған.