Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанда бой көтеретін медициналық орталықтың жалпы көлемі 156 мың шаршы метрден асады. Нысанның құрылысы 2022 жылы аяқталады деп жоспарланған. Жоба бойынша амбулаторияда 44 жедел жәрдем бөлімі жұмыс жасамақ.
Оқи отырыңыз:
Сонымен қатар, ғимаратта жүрек-қан тамырлары мен коронарлық реанимация, IDDIN және күйікті емдеу бөлімдері болады. Одан өзге, жаңа ауруханада 16 ота жасау бөлмесі мен 13 жоспарлы және 3 жедел медициналық көмек көрсету бөлімдері ашылады. 34 жалпы дәрігерлік амбулатория тұрғындар үшін қызмет көрсететін болады.
Құрылыс жұмыстары екі ауысымда жүргізіліп жатыр.