2024 жылғы 10-14 маусым аралығында Түркістанда Мәдениет және ақпарат министрлігі Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтымен бірлесіп, этномедиация бойынша 5 күндік семинар-тренинг ұйымдастырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шараға жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, білім беру және этномәдени бірлестіктер өкілдері, сонымен қатар Жамбыл және Түркістан облыстары мен Шымкент қалаларының қоғам қайраткерлері қатысады.
Семинардың негізгі мақсаты – қатысушыларды этносаралық қақтығыс пен жанжалдарды уақтылы танып білу және алдын алу дағдыларына үйрету.