Түркістан облысының прокуратурасы 2,8 млрд теңге бюджет қаражатының жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Түркістан облысының прокуратурасы білім беру мекемелерін тексеру барысында көптеген заң талаптарын бұзу және бюджет қаражатын жымқыруды анықтады.
Атап айтқанда Жетісай ауданының прокурорлары аудандық білім бөлімінің бухгалтерлері 2,8 млрд теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды.
Осы факті бойынша құжаттар СДТБТ-ға ҚР Қылмыстық кодекстің 189-бабымен тіркеліп, (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) тергеу Түркістан облысы прокуратурасының арнайы прокурорларымен жүргізілуде.
Бүгінгі күнге прокуратураның қабылдаған шаралары нәтижесінде мемлекет бюджетіне 309 млн теңге қайтарылды.
Тексерулер жалғасуда және жіті бақылауда.