Түркістанда 405 мың тонна қауын жиналды

8 Шілде 2023, 18:10
1169
Бөлісу:
Түркістанда 405 мың тонна қауын жиналды
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Биыл Түркістан облысында 71,3 мың гектар алқап егілді. Бүгінгі таңда өңірде 176 мың тонна қарбыз бен 405 мың тонна қауын жиналды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл сайын облыста жиналатын бақша өнімінің көлемі қазақстандық нарықтың қажеттілігінен 3,5 есе артық, сондықтан артық өнім шетелге экспортталады. Ресей, Беларусь және Латвия қазақстандық қарбыз бен қауынның негізгі тұтынушылары болып табылады. Айта кетейік, Түркістан облысында қауын мақтадан кейінгі экспортқа бағдарланған екінші тауар болып табылады.

Сонымен қатар әлеуметтік желілерде Мақтаарал ауданының бақша алқаптарында түсірілген әуесқой бейнежазба таратылуда, онда фермерлер жиналған өнімге сұраныстың төмен болуына байланысты тонна қауынды лақтырып жатыр. Алайда, кадрлар Нұрлыжол ауылында түсірілгені анықталды. Ал видеодағы өнімдер келесі жылы тұқым алу үшін қалдырылған қауынның қалдықтары. Қазір ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.

Жалпы биыл саланы қолдауға 6,5 млрд теңге бөлінді. Қаражат минералды тыңайтқыштарды субсидиялауға бағытталды, тағы 375 млн теңге пестицидтер мен биогенттерді сатып алу шығындарын өтеуге жұмсалды. Тұқым шаруашылығын қолдауға 600 млн теңге қарастырылып отыр.

Сонымен қатар былтырғы жылдың желтоқсан айында биылғы егісті қаржыландыру басталды. Түркістан облысының фермерлері Аграрлық несие корпорациясы арқылы 11,4 млрд теңгеге жеңілдікті несие алды. Сондай-ақ өңір шаруаларына 48,2 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.

Өзгелердің жаңалығы