Түркістанда 200 шаршы метрге жуық құрылыс алаңы өртенді

Кеше, 08:30
189
Бөлісу:
Түркістанда 200 шаршы метрге жуық құрылыс алаңы өртенді
Фото: видеодан кадр

Түркістан облысының өрт сөндірушілері түнгі өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылында жеке тұрғын үйдің шатыры мен шаруашылық құрылыстың ашық жалынмен жануы орын алды.

Өрт сөндірушілер ғимараттың қабырғасына оқпанмен дереу су беріп, көрші үйлерге өрттің таралу қаупін алып тастады, - делінген ведомство ақпаратында.

Өрт 195 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өзгелердің жаңалығы