Түркістан тұрғындары Інжу, Маржан, Мағжан – Ататүрікте оқып жүр

28 Сәуір 2022, 13:00
4410
Бөлісу:
Түркістан тұрғындары Інжу, Маржан, Мағжан – Ататүрікте оқып жүр
PHOTO
Фото: автордан

Түркістан облысы. BAQ.KZ тілшісі. Інжу, Маржан, Мағжан Төлебайлар – Түркістан қаласының тұрғындары. 

Қазір олар киелі де көне қаланың №17 Ататүрік атындағы мектеп-гимназиясының 3 В сыныбында оқиды. Үшемдер 2012 жылы 28 желтоқсанда дүниеге келген. Әдетте біздің елімізде үшемдер туралы перзентханада туылған кезде ғана жақсы жаңалық ретінде айтылады да, әрі қарай ұмыт қалып жатады. Ол үшемдердің кейінгі әлеуметтік жағдайлары қалай, мемлекет оларға қол ұшын беріп жатыр ма? Үшемдердің ата-аналары бір отбасыдан үш бірдей баланы мектепке қажетті оқу құралдарымен, киім-кешекпен қалай қамтамасыз етіп жатыр, бұл жөнінде көп айтыла бермейтіні рас.

Түркістан тұрғындары Інжу, Маржан, Мағжан – Ататүрікте оқып жүр

Бүгінгі репортажымызда үшемдер туралы тарқатып айтқымыз келеді. Үшемдердің анасы Сәуле Ахметова үй ханымы, мамандығы – фармацевт. Ал әкесі Айдар Налибаев №17 Ататүрік мектеп-гимназиясында дене шынықтыру пәнінен сабақ береді. Анасы Сәуле Тұрсынханқызының айтуынша, үшемдер дүниеге келген кезде мемлекет тарапынан ешқандай қосымша жәрдемақы берілмеген. 

Түркістан тұрғындары Інжу, Маржан, Мағжан – Ататүрікте оқып жүр

Үшемдердің есімін әкесі Айдар Төлебайұлы өзі қойыпты. Ақ халаттылар Сәулені үш баланы дүниеге әкелгелі жатқандықтан, оны тәуекел тобына жатқызып, Шымкент қаласындағы арнайы мамандандырылған перзентханаға жолдама береді. 

Түркістан тұрғындары Інжу, Маржан, Мағжан – Ататүрікте оқып жүр

Жеті айлық етіп босанғаннан соң, анам Зульфия екеуміз туғаннан бастап бірлесіп қарадық. Басқа аналарға қиын болуы мүмкін, алайда мен 20 жаста тұрмыс құрғаныммен, осы балапандарымды он жыл зарыға күткенмін. Отыз жасымда көрген қызығым болғандықтан ба, бала бағу мәселесінде ешқандай қинала қоймадым. Керісінше олардың әрбір сәби шақтары мен қылықтары маған қызықты бола түсті, - дейді анасы Сәуле Ахметова.  

Түркістан тұрғындары Інжу, Маржан, Мағжан – Ататүрікте оқып жүр

Ата-анасы балаларының мінезі бір-біріне ұқсамайтынын және оларға бөлек-бөлек көңіл бөлетінін, үшеуіне үш түрлі қадам жасайтынын айтты. Мағжанның сүйіп оқитын пәні – математика. Ал екі қыз барлық пәнді жақсы оқуға тырысады. Ал мамандыққа келсек, үшеуі әлі нақты айқындай қоймапты. Бірде дәрігер болғысы келсе, бірде бизнесмен боламыз дейді. Алайда болашақта кім болатындарын өздері таңдап, нақтылай жатар дейді анасы. 

Түркістан тұрғындары Інжу, Маржан, Мағжан – Ататүрікте оқып жүр

Жалпы, егіздер мен үшемдерге мемлекеттен қандай жәрдем мен жеңілдіктер бар?

Бұл туралы анасы Сәуле: Мемлекеттен ертең үш перзентіме болашақта оқуға түсуіне көмек болса деп ойлаймын. Әрине, бір үйден үшеуін бірдей киіндіру, бірдей оқыту қиынға соғады. Киімді де бірдей етіп алу керек, оған қоса ішіп-жейтін тамағы бар. Баланы өзіміз үшін тусақ та кейде мемлекет жеңілдіктер қарастырса құба құп болар еді, - дейді ол. 

Інжу мен Маржан сабақтан бос уақытында жетіген үйірмесіне барса, Мағжан тоғызқұмалаққа қатысады. Үшеуінің де мінезі үш түрлі, дегенмен ортақ қасиеттері: ақылды, пысық, жанашыр. Үшем болғандықтан да бір-бірін қатты іздеп тұрады. 

Түркістан тұрғындары Інжу, Маржан, Мағжан – Ататүрікте оқып жүр

Балаларыма сендерді мақтан тұтып отыратындай болыңдар, ертең бізді бағатын, қарайтын сендер» деп отырамыз. Сабақты жақсы оқыңдар, өз орталарыңда достарыңнан қай жағынан болсын қалыспаңдар, қазір біліммен жарысатын заман. Тек бір ғана өнер-біліммен шектелмей жан-жақты болыңдар деп айтамын. Содан ба, үшеуі де үй жұмысына да, сабаққа да таласып дайындалады, бір-бірінен қалғылары келмейді. Қыздарым әкесіне жақын, ал ұл маған жақын, - дейді анасы. 

Айта кетейік, биыл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылды Балалар жылы деп жариялады. Түркістан облысы бойынша қоғамдық денсаулық басқармасының берген мәліметіне сүйенсек, өткен жылы 65267 бала дүниеге келген екен, ал 2022 жылы үш ай аралығында 13722 бала туылған. Сонымен қатар, 2021 жылы Түркістан аймағы бойынша 14 үшем дүниеге келсе, биыл жыл басынан бері үш ай ішінде бес үшем дүниеге келіпті. 

Өзгелердің жаңалығы