Түркістан полицейлері 1,2 млн теңгенің тұрмыстық техникаларын жымқырған күдіктіні ұстады

29 Маусым 2021, 20:48
2292
Бөлісу:
Түркістан полицейлері 1,2 млн теңгенің тұрмыстық техникаларын жымқырған күдіктіні ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сарыағаш аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Онда ол өзінің тұрмыстық техникалар сататын дүкеніне белгісіз біреулер түнгі уақытта кіріп, 3 тоңазытқыш пен 5 кір жуғыш машинаны жымқырып кеткенін көрсеткен деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.  

Осы оқиғаға байланысты тәртіп сақшылары хабар алысымен жолға шықты. Полицейлер  оқиғаның мән-жайын анықтап, күдікті ретінде танылған Сарыағаш қаласының тұрғынын ұстады. Сондай-ақ тәртіп сақшылары орта жастағы күдікті азаматты ПБ-ға  жеткізіп, болған жайттың ақ-қарасын ажырату мақсатында тергеу амалдарын жүргізді. 

Белгілі болғандай, күдікті азамат жәбірленушінің қоластындағы жұмыскері болып шықты. Жәбірленуші азамат тұрмыстық техниканы өз жұмысшысына сеніп тапсырған. Алайда күдікті сеніп тапсырылған техникаларды өз пайдасы үшін жымқырып,  ізін суытқан. Полицейлер бұл жайтты ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-бабы («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») бойынша тіркеді.    

Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 1 200 000 теңге. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері күдікті азаматты қамауға алып, тергеу амалдарын жалғастыруда.

Өз кезегінде полицейлер тұрғындарға бейтаныс азаматтарға сенбеуді ескертеді.   


Өзгелердің жаңалығы