Түркістан: Ордабасы ауданында аллея пайдалануға берілді

27 Желтоқсан 2020, 01:16
1367
Бөлісу:
Түркістан: Ордабасы ауданында аллея пайдалануға берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ордабасы ауданының орталығында «Самұрық» аллеясы халық игілігіне берілді. Бұл туралы Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Азаматтардың серуендеп, тынығуына арналған демалыс орнында 3 субұрқақ, орындықтар мен жарықшамдар орнатылған. Мерекелік іс-шараларды өткізуге ыңғайлы етіп арнайы сахна да дайындалған.

Ауданда абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілді. Мәселен, аудан орталығынан бөлек, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Төрткөл ауылындағы «Жібек жолы» көшесінің бойы керемет кейіпке енді. Онда «Жастар» аллеясы, балалар алаңшасы, стрит воркаут құралдарымен орнатылып, аяқжол мен веложол жүргізілді. Сонымен қатар, орталық көше бойындағы саябақтар әсемделіп қоршалды, – деді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Арман Ысқақов.

 


Өзгелердің жаңалығы