Түркістан облысының тұрғыны жалға алған көлікті сатып жіберген

Түркістан облысының 30 жастағы тұрғыны танысынан Ресей Федерациясында есепте тұрған "Toyota Karina E" маркалы автокөлікті жалға алғаны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ  - архив 13 Қараша 2023 2023, 19:31
13 Қараша 2023 2023, 19:31
959
Фото: - архив

Түркістан облысының 30 жастағы тұрғыны танысынан Ресей Федерациясында есепте тұрған "Toyota Karina E" маркалы автокөлікті жалға алғаны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол көлікті таксиде жұмыс істеу үшін пайдаланбақшы болған. Алайда, біраз уақыт өткеннен кейін ер адам байланысқа шығуын тоқтатып, жалға алынған көлікті сатып жіберген. Қаскүнем өзінің іс-әрекетімен 2 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде "Есіл" ауданының полицейлері ер адамды анықтады. Ол мойындау көрсетпелерін берді, ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі (алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Жәбірленушіге келтірілген шығынды ол толық көлемде өтеді. Елорда аумағындағы алаяқтықтың осыған ұқсас фактілеріне қатысы бар-жоғы тексерілуде, - деп хабарлады Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.

Наверх