Түркістан облысының халқы сапалы сумен 100 пайыз қамтамасыз етіледі

1 Маусым 2021, 09:45
13170
Бөлісу:
Түркістан облысының халқы сапалы сумен 100 пайыз қамтамасыз етіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Түркістан облысын сумен жабдықтау үшін республикалық бюджеттен 14,1 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.

Оның айтуынша, 2025 жылы облыс халқы жүз пайыз сапалы сумен қамтамасыз етілетін болады. 

Осы жылдың сумен жабдықтаудың кешенді жоспарында Түркістан облысының 58 жобаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен 14,1 млрд теңге бөлінеді. Осы қаражат есебінен 700 шақырым сумен жабдықтау құрылысын салу және реконструкциялау жоспарланған. Сонымен қатар 19 500 адам сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етіледі, - деді Бейбіт Атамқұлов.
Министрдің келтірген мәліметіне сүйенсек, жеті ауылды елді мекенде сумен жабдықтау жүйелерін салу және реконструкциялау жоспарланып отыр. 49 аулды елді мекенде жергілікті бюджет қаражатынан су тазартудың кешенді блок модульдері орнатылады. Осының аясында облыста 638 жұмыс орны ашылады. 

Бейбіт Атамқұлов облыс жолдарына қатысты жоспармен де бөлісті. Оның айтуынша, 2025 жылға дейін 2 276 шақырым жергілікті және республикалық маңызы бар автожол жөнделеді және реконструкцияланады. 2025 жылға дейін жергілікті маңызы бар жолдардың 99,5 пайызын қалыпты деңгейге жеткізу көзделген.

Өзгелердің жаңалығы