Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 15 ақпан күні сағат 8:25 минут шамасында Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауыл округі, Ошақты ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №19 А мекенжайда орналасқан «Құрманғазы атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің» жанында орналасқан қазандықта жарылыс болған.
Сайрам ауданы Қайнарбұлақ ауыл округі, Ошақты ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №19 А мекен-жайда орналасқан «Құрманғазы атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі» КММ орналасқан қазандықта жарылыс болып, салдарынан 1963 жылы туған мектептің от жағушысы Құлыншақов Мұратбек Әлімтайұлы қаза тапқан, - делінген хабарламада.
Оқиға орнына Сайрам ауданының Төтенше жағдайлар басқармасына 3 қызметкер, 1 техника, Полиция басқармасының тергеу тобы, Жедел жәрдем бригадасы 3 қызметкер, Прокуратурадан 2 қызметкер, жергілікті атқарушы органнан 3 қызметкер, 1 техника жұмылдырылды.
Қазандық мектептен 20 метр арақашықтықта орналасқан. Жарылыс салдарынан мектеп ғимаратына ешқандай зиян келмеген.
Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен тергеу амалдары жүргізіліп, сот медициналық сараптама тағайындалды.