Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Түркістан облысында жол апатынан 9 адам қаза тапты

17 Шілде 2023, 13:00
1207
Бөлісу:
 Нұркен Алишев  - архив
VIDEO
Фото: Нұркен Алишев - архив

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне 17 шілде күні сағат 09:00 шамасында Шаян ауылы маңында жол апаты туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polizia.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық маңызы бар Екпінді-Созақ тас жолы бойында Nissan, Toyota Camry және Volkswagen Grafter автокөліктерінің соқтығысқаны анықталды. Апат салдарынан көлік құралдары өртенген. Салдарынан 9 адам қайтыс болып, 13 адам ауруханаға жеткізілді. Екі адам медициналық көмектен бас тартты. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен. Оқиға орнына бірден Түркістан облысы ПД басшылығы барды. Қазір ЖКО бойынша Бәйдібек АПБ полицейлері жұмыс жасауда. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы