Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз қазғандар анықталды

Тексеру барысында күдіктілердің Өзбекстан азаматтарын арзан жұмыс күші ретінде заңсыз тартқаны анықталған.

 gov.kz Бүгiн 2026, 08:32
Бүгiн 2026, 08:32
116
Фото: gov.kz

Түркістан облысы аумағында жер қойнауын заңсыз пайдаланғандар әшкереленді. Бұл туралы облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құзырлы орган өкілдері дронның көмегімен Кентау қаласына қарасты Ойық елді мекеніндегі таулы аймақта рейд жүргізген. Нәтижесінде «барит» қатты қазба байлығын рұқсатсыз өндіріп жатқан екі жергілікті тұрғын ұсталды.

Тексеру барысында күдіктілердің Өзбекстан азаматтарын арзан жұмыс күші ретінде заңсыз тартқаны анықталған. Осыған байланысты шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа тартқаны және жер қойнауын рұқсатсыз пайдаланғаны үшін екі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы шетел азаматтарын елден шығару үшін материалдар сотқа жолданғанын мәлімдеді. Сонымен қатар заң бұзушылыққа жол берген тұлғаны лицензиясынан айыру мәселесі құзырлы органдардың қарауына берілген.

Қазіргі таңда іс бақылауға алынған.

Наверх