Түркістан облысында "Жайлы мектеп" жобасымен 6 білім ордасы салынады

12 Ақпан 2024, 20:11
596
Бөлісу:
Түркістан облысында "Жайлы мектеп" жобасымен 6 білім ордасы салынады
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысында өткен жылы жалпы мемлекет есебінен құрылысы басталған 33 мектептің 20-сы пайдалануға берілсе, ал 13 мектеп биыл тапсырылатын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сонымен қатар "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жылдары облыста 49 мың оқушыға шақталған 63 мектептің құрылысы жүргізіліп, 2025-жылға дейін өңірде 96 білім ошағы бой көтеретін болады. Бұл еліміздегі ең үлкен көрсеткіш.

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсыр­ма­сы­мен жүзеге асырылуда. Аталған жоба аясында биыл Жетісай ауданында 6 мектеп салынады. Атап айтсақ, Жетісай қаласынан 1500 орындық, Асықата кентінен 900 орындық және Ынтымақ ауылдық округінің Ақниет елді мекенінен 600 орындық мектептердің құрылысы өткен жылы басталса, биылғы жылы Жетісай қаласынан 900 орындық және Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің Қызылтаң елді мекенінен 600 орындық, Қызылқұм ауылдық округінің Қызылқұм елді мекенінен 600 орындық білім ошақтарының құрылысы басталып, 2025 жылы қолданысқа тапсырылады деп күтілуде, - деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Пәндік кабинеттермен, оның ішінде робототехника, кең жолақты интернет, жаңа модификацияланған кабинеттермен жабдықталатын мектептерде оқушылардың сапалы білім алуларына, жоғары және бірінші санатты мұғалімдер құрамының пайыздық үлесін, педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруға толықтай жағдай жасалмақ.

Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов "Жайлы мектеп" Ұлттық жобасы аясында құрылысы жүргізіліп жатқан білім беру нысандарын аралап, жұмыстардың барысымен танысты.

Өзгелердің жаңалығы