Түркістан облысында үш көлік соқтығысып, екі адам жарақат алды

 видеодан скрин 16 Қазан 2026, 01:29
16 Қазан 2026, 01:29
102
Фото: видеодан скрин
Түркістан облысында ВАЗ маркалы жеңіл автокөлік екі жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жол апаты Алматы – Термез – Ташкент тасжолында болған. Оқиғадан кейінгі көрініс түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады.

Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, апат салдарынан ВАЗ көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілген.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша заңға сәйкес шешім қабылданады.

Наверх