Түркістан облысында үкіметтік емес ұйымдар сайлауға белсене қатысады

11 Сәуір 2019, 20:15
2944
Бөлісу:
Түркістан облысында үкіметтік емес ұйымдар сайлауға белсене қатысады
Фото: автордан

Түркістан облысы. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Түркістан қаласында Түркістан облысының «Азаматтық Альянсы заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің» төрағасы Шәріпбек Жамалбектің төрағалығымен облыстағы үкіметтік емес ұйымдардың жиыны болып өтті. Жиында еліміздегі басты саяси оқиға – сайлау мәселесі талқыланды.

Түркістан облысында үкіметтік емес ұйымдар сайлауға белсене қатысады

Басқосуда «Түркістан облысының іскер әйелдер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Инара Намазбаева, «Жайылма» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жанболат Сүйінбаев, Түркістан қалалық «Семей ядролық сынақ полигоны» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ахмет Оспанов, «Эко Атамекен» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлнәр Ниязова өз пікірлерін білдірді.

Түркістан облысында үкіметтік емес ұйымдар сайлауға белсене қатысады

Жиынды жүргізген Шәріпбек Жамалбек әрбір адам өзінің азаматтық белсенділігін көрсетіп, елдік мәселе қозғалған саяси оқиғалардан шет қалмауы керектігін айтты.

Түркістан облысында үкіметтік емес ұйымдар сайлауға белсене қатысады

«Ата-бабамыз көксеген тәуелсіздік туы көгімізде желбіреп тұр. Ендігі мақсат, әрі басты міндет – сол тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтау және оны одан әрі нығайту керек. Елбасымыздың бастауымен Қазақстан барлық салада жетістікке жетті. Біз бірігіп ел мүддесі жолында тынбай еңбек етуіміз қажет. Президенттің өзі айтқандай, қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз ету үшін айқындық маңызды. Сол үшін үкіметтік емес ұйымдар сайлауға бір кісідей жұмылып атсалысайық», – деді Түркістан облысының «Азаматтық Альянсы заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің» төрағасы Шәріпбек Жамалбек.

Түркістан облысында үкіметтік емес ұйымдар сайлауға белсене қатысады

Үкіметтік емес ұйым басшылары Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл шешімін қолдайтындарын, сайлауға белсенді түрде қатысатындарын жеткізді.

 



        

 

Өзгелердің жаңалығы