Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында суға батып кеткен екі шетелдік студентті іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
26 маусым күні сағат 20:10 -да Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Төле би ауданының Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан Ақсу шатқалындағы Ақсу өзенінде 2001 жылғы 2 студенттің суға түсіп, батып кеткені туралы ақпарат түскен.
21 студенттен тұратын топ Шымкент қаласынан келген екен. Барлығы Үндістан Республикасының азаматы, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 19 қызметкер, 1 жүзу құралы және 4 техника, Полиция департаментінен 10 қызметкер және 5 техникасы күштері мен құралдары жұмылдырылды, - делінген хабарламада.