Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Түркістан облысында соңғы үлгідегі жаңа ауылдық полиция пункті ашылды

17 Желтоқсан 2024, 21:09
559
Бөлісу:
 polisia.kz
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында соңғы үлгідегі жаңа ауылдық полиция пункті ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Сайрам ауданында жергілікті тұрғындар үшін маңызды оқиға-жаңа полиция пунктінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов, Сайрам ауданының әкімдігі, ақсақалдар мен аудан тұрғындары қатысты. Полиция пункті халқы тығыз және республикадағы ең үлкен мал базар орналасқан ауылдардың бірі – Қарабұлақ ауылында ашылды. 

Су жаңа 2 қабатты ғимарат заманауи техникамен, жиһазбен және байланыс құралдарымен жабдықталған. Тергеушілердің, учаскелік инспекторлардың, ювеналды және патрульдік полицияның кабинеттері, сондай-ақ кезекші бөлімшесі бар, ал жұмыс кабинеттері бейнебақылау камераларына қосылған. Сонымен қатар ауылдық полиция пункті шағын ЖБО-мен (жедел басқару орталығы) жабдықталған, ал Қарабұлақ ауылының аумағында 28 бейнебақылау камерасы орналасқан. 

Бұл полицейлерге ахуалдық жағдайға мониторинг жасауға, қауіп-қатерлерге жедел ден қоюға және қылмыстарды дер кезінде ашуға, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі міндеттерді тиімді орындауға мүмкіндік береді. Облыс әкімі Д. Сатыбалды жаңа полиция пунктінің ашылуы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кешенді тәсілінің бір бөлігі ғана емес, халық пен полиция арасында сенімді қарым – қатынас орнату, сондай-ақ облыс азаматтарының өмірі үшін қауіпсіз әрі жайлы ету екенін атап өтті. 

Біздің міндетіміз — қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға ден қою ғана емес, олардың алдын алу. Полиция халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді және азаматтардың тыныштығын қорғайды, – деп атап өтті ол. 

Өзгелердің жаңалығы