Түркістан облысында қаржы пирамидасы ісі бойынша 25 адам сотталды

8 Қазан 2022, 16:47
1474
Бөлісу:
Түркістан облысында қаржы пирамидасы ісі бойынша 25 адам сотталды

Түркістан облысында мың томды құраған қаржы пирамидасының ісі бойынша 25 адам сотталды, деп жазады BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сотталушылардың ең үлкені – 55 жастағы әйел, ең кішісі – 31 жаста.

Ақпаратта көрсетілгендей, қаржы пирамидасы бойынша Түркістан облысы полицейлерінің тергеуінде болған екі мыңнан астам жәбірленушінің ісіне нүкте қойылды. Аталған қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Қаржы пирамидасының ұйымдастырушы, құрылтайшылары болып саналатын 3 адам 12 жылға, ал олардың орынбасарлары болған 5 күдікті 10 жылға, қалған 17 күдікті 8 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Олардан компьютерлік техника, жылжымалы және жылжымайтын мүліктер тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру 1 жылдан астам уақыт бойы жалғасқан. Осы уақыт ішінде сараптаманың 15 түрі тағайындалды. 

Қылмыстық топ бірнеше жылдар бойы тұрғындардан алаяқтық жолмен 3 миллиард теңгеден асатын қаражатты иемденген.

Өзгелердің жаңалығы