Түркістан облысында Мемлекет басшысының кортежінің жүру бағытын тексеру кезінде ІІМ, ҰҚК қызметкерлері МКҚ-мен бірлесіп жасырылған қару-жарағын тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Телеграм-арнасы мәлімдеді.
Белгілі болғандай, осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау және күдікті адамдарды ұстау бойынша қажетті жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.
Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.