Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Түркістан облысында өрттен 50 адам эвакуацияланды

13 Қыркүйек 2024, 22:50
862
Бөлісу:
 видеодан кадр
VIDEO
Фото: видеодан кадр

Түркістан облысының өрт сөндірушілері 50 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, Төлеби ауданының Ленгер қаласында бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің шатырының жануы орын алған.

ТЖМ күшімен баспалдақ маршымен 50 адам, оның ішінде 20 бала эвакуацияланды. 200 шаршы метр алаңда өрт толығымен сөндірілді, - делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы