Түркістан облысында «Өгем өзеніндегі су электр станциялар каскады» салынып жатыр

24 Шілде 2022, 21:25
1676
Бөлісу:
Түркістан облысында «Өгем өзеніндегі су электр станциялар каскады» салынып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласы тұрғындарымен кездескен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ел басшылығының қолдауы мен түркістандықтардың еңбекқорлығының арқасында өңірдің дамып жатқанын айтып, алда жүзеге асатын тың жобаларға тоқталды.

 Өңір экономикасы нығайып, жаңа жұмыс орындарының құрылғанын айрықша атап өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Өңірге инвестиция тарту мақсатында үлкен жоба іске асырылуда. Ол – «Өгем өзенінде су электр станциялары каскады». Бұл жоба бойынша облысқа 293,3 млрд теңге жеке инвестиция тартылатын болады. Жобаның болжамды құны 722,8 млрд теңгені құрайды. Құрылыс 2024-2026 жылдары жүзеге асырылады.

Аталған жоба іске асқан жағдайда облыстың оңтүстігіндегі тұрғындарды түбегейлі ауыз сумен қамтамасыз ететін боламыз. Өздеріңізге белгілі жыл сайын елімізде электр дефициті байқалып келеді. Облысқа қажетті электр қуатының 80%-ы сыртқы көздерден тасымалданады (қажеттілік 320 МВт). Аталған мәселені түбегейлі шешу мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп, 1000 МВт Газ станциясын (ПГУ) салуды жоспарлап отырмыз. Биылғы жылдың 15 шілдесінде аукцион өткізіліп, жеңімпазы болып «ПГУ Түркістан» ЖШС-гі анықталды. Құрылыс кезінде 2000-2500, пайдалану кезінде 200-250 тұрақты жұмыс орны ашылады,— деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Өткен жылдың қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткіштері бойынша өсім қамтамасыз етілді. Жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылы 268,8 млрд теңгені құрап, өсім 3,6 есеге артты. 4 жылда шағын және орта бизнес субьектілерінің саны 14 мыңнан асып, ондағы жұмысшылар саны 30 мыңға жетті. Өнім көлемі 260 млрд теңгені құрады. Тартылған инвестиция 291,4 млрд теңгені құрап, 8 есеге артты.

Жыл басынан бері өнеркәсіп өнімінің көлемі 392,6 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда едәуір артты. Өңірде 150 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығында 243,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Облысқа 263,2 млрд теңге инвестиция бағытталды.

Өзгелердің жаңалығы