Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды

25 Ақпан 2023, 19:55
1041
Бөлісу:
Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды
Фото: ҚР Ұлттық экономика министрлігі

Өңірге жұмыс сапары барысында Әлібек Қуантыров бизнес өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесуге қатысушылар балық шаруашылығы саласындағы шикізатты өңдеу, өңдеу өнеркәсібіндегі ҚҚС (қосылған құн салығы) мөлшерлемесі, еңбекақы төлеу қорынан мөлшерлемелері мен электр энергетикасы және газ саласындағы тарифтерді белгілеу мәселелерін талқылады. 

Министр атап өткендей, бұл мәселелер мұқият зерделенетін болады. Салық саясатын жетілдіру бойынша ҰЭМ қазіргі уақытта жаңа Салық кодексін әзірлеуде. Салықтық әкімшілендіруді түбегейлі оңайлатуға және цифрландыруға ерекше көңіл бөлінетін болады. 

Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды

Кешенді жұмыс жұртшылықпен бірлесіп, сарапшылар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ кәсіпкерлер индустриялық аймақты одан әрі дамытуға және инфрақұрылымды жүргізуге жәрдемдесуді сұрады.

 Бұдан бөлек қолжетімді тұрғын үй құрылысын қаржыландыру, ЖСҚ-ға (жобалау-сметалық құжаттама) түзетулер енгізу, керамика өндірісін кеңейту үшін жеңілдетілген несиелеу, кәсіпкерлікті тексеруге арналған мораторий бойынша мәселелер көтерілді. 

Бизнесті жүргізу үшін жағдайды жақсарту бойынша жүйелі шаралар қабылдануда. Ескірген және негізсіз нормативтік талаптарды қысқарту, мемлекеттік бақылау және қадағалаудың барлық салаларында тәуекелдерді басқару жүйелерін автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, 2024 жылдан бастап «таза парақтан» реттеуді толыққанды іске қосу пысықталып жатыр, - деді Ә.Қуантыров. 

Ол көтерілген барлық мәселе мен айтылған ұсыныстар бойынша Министрліктің ұстанымын жеткізіп, ҰЭМ-ның құзыретіне кірмейтін мәселелер тиісті мемлекеттік органдарға жолданатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы