Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Түркістан облысында ер адам танысына оқ атқан

Бүгiн, 03:40
147
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Түркістан облысы Сайрам ауданында тұрмыстық жанжал салдарынан ер адам танысына оқ атқан. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға әлеуметтік желілерде тараған видео арқылы белгілі болды. Кадрларда оқиға орны қоршалған, бірнеше патрульдік автокөліктер тұрғаны көрінеді.

Полицияның мәліметінше, күдікті Сайрам ауданының тұрғыны болып шықты. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал оқиға орнынан травматикалық тапанша тәркіленді және іс материалдарына тіркелді.

Алдын ала деректерге сәйкес, келіспеушілік нәтижесінде ер адам танысына оқ атқан. Жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілді және қазіргі уақытта денсаулығына қауіп жоқ, – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы